Войти Закрыть
---

Виртуальная энциклопедия Султанмахмут Торайгыров

---
Негізгі / С.Торайғыров атындағы ПМУ
A+ R A-

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Печать PDF

Павлодарский государственный университет имени С.Торайгырова Павлодарский государственный университет имени С.Торайгырова

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті (ПМУ) – тек қана Павлодар аумағында емес, сонымен қатар Республикадағы ғылым мен мәдениеттің білім орталығы, Қазақстанның үлкен университеттерінің бірі болып табылады.

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті 1960 жылы 20 қыркүйекте КСРО Министрлер Кеңесінің Қаулысы негізінде, 1996 жылы мамыр айында Индустриалды институт негізінде құрылған. Институт бұрынғы 24-ші әскери мектептің бір қабатты 10 барағында және екі ғимаратта орналасқан. Машина жасау, инженерлік-құрылыс және энергетикалық үш факультеттерінде – 400 студент оқыған. Дәрісті 16 оқытушы жүргізген, оның біреуінде ғана доцент атағы болған.

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті – ұзақ жылғы өз тарихы және даңқы бар жоғары оқу орны: жарты ғасырдан астам уақытта жоғары білікті мамандарды даярлады. Қазіргі кезде бұл инновациялық типтегі көп салалы университет, аймақтың басты жоғары оқу орны, орасан зор ғылыми орталық, Қазақстан Республикасы және оның аймақтарында өз жаңалықтарымен және жетістіктерімен кең танымал болып отыр.

С. Торайғыров атындағы ПМУ студенттері саны жағынан және сапалы білім беру қызметі бойынша Павлодар облысының жоғары оқу орындары арасында сөзсіз көшбасшы болып табылады. ЖОО 66 бакалавриат, 46 магистратура, 4 PhD докторантура мамандықтары бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде әртүрлі бағытта жоғары кәсіби мамандарды дайындайды.  Дайындықты 567 оқытушы, соның ішінде 47 ғылым докторы, профессор, 227 ғылым кандидаты, доценттер жүзеге асырады. Университетте ғылыми-зерттеу жұмыстары 41 кафедрада және 13 ғылыми-тәжірибелік орталығында, «Ертіс» ғылыми-технологиялық паркінде, аймақтық инновация және трансферттік технологиялар орталығында және студенттік ғылыми орталығы базасында жүргізіледі.

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті әлемдік білім беру кеңістігінде бірігу үрдісі бойынша халықаралық танымалдыққа жетті, еуропалық білім беру үрдісінің толық құқылы қатысушысы болып табылады. С. Торайғыров атындағы ПМУ бизнес, ғылым және өнер көшбасшыларының  Оксфордтық Саммит аясында «Еуропалық сапа» халықаралық сыйлығымен марапатталды.  

Жыл сайын өтетін басты рейтингке сәйкес, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Қазақстанның таңдаулы көп салалы жоғары оқу орындары арасында көшбасшылар қатарының бесінші орынға енді.

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті - әлемдегі классикалық университеттердің Болондық хартиясының, LAESTE студенттік машықтану бойынша алмасу халықаралық қауымдастығының, Сібірлік ашық университет қауымдастығының, Қазақстан жоғары оқу орындар қауымдастығының және Шанхай серіктестік ұйымының мүшесі. Университет аймақтағы үш сатылы кадрларды дайындау бойынша: бакалавриат, магистратура және PhD докторантура білім беруді жүргізетін бірден-бір беделді жоғары оқу орны.

2011 және 2012 жылдары С. Торайғыров атындағы ПМУ білім беру бағдарламаларының Халықаралық аккредитациясын сәтті өткізді: университеттің қызметі Германияның ACQUIN халықаралық аккредитациялық агенттігінің және білім беру сапасын қоғамдық бақылау және АККОРК мансапты дамыту бойынша ресейлік агенттіктерінің жоғары бағасын алды.

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде жүргізілетін ғылыми - зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттары: энергетика және энергоүнемдеуші технологиялар, құрылыс, машинажасау, педагогика, психология облысындағы зерттеулер, экологиялық мониторинг, қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, аймақтың экономикалық мәселелері, кадр дайындау мен жоғары мектептің әлеуметтік лингвистикалық және лингвомәдениеттік мәселерін зерттеу.

Мәлімет: С. Торайғыров атындағы ПМУ-нің сайты - www.psu.kz

Сайт бойынша іздеу

Яндекс.Метрика

Рейтинг@Mail.ru