Войти Закрыть
---

Виртуальная энциклопедия Султанмахмут Торайгыров

---
Негізгі / С.Торайғыров атындағы ОӘҒК
A+ R A-

C. Торайғыров атындағы Павлодар облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы

Печать PDF

Павлодарская областная научная универсальная библиотека имени С.Торайгырова Павлодарская областная научная универсальная библиотека имени С.Торайгырова

Павлодар облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы  ұзақ даму  жолынан өтті. Облыстың ең  көне кітапхананың өмірнамасы 1892 жылдан басталады, кітапхана 1-ші гильдиялық көпес Артем Иванович Деров пен басқа да жергілікті меценаттардың қаржысына салынды, ол  «Дворяндық жиналыс» ғимаратында» орналастырылды. Ашылу кезінде кітапхана қызметінің ережелері жазылған Жарғы  қабылданды. Онда «халыққа кітапхананың ішінде  оқуға рұқсат етілмейтіндігі, кітаптарды үйге алып пайдалануға болатындығы» жазылған. Әдебиеттер дүйсенбіден бейсенбіге дейін сағат 14-00-ден 18-00-ге дейін берілді. Жазылу кезеңінде 3 сом кепілдік салынған, оны «кітапханаға таныс, сенімді тұлғамен» алмастыруға  болатын. Осымен қоса кітапты пайдаланғаны үшін 60 тиын көлемінде төлем ақы алынған.Тегін пайдалануға қала басқармасы куәлігі бойынша үш кластық училищенің кедей түлектері ғана құқылы болған.

1896 жылдан бастап кітапхана уездік аталды. Нағыз осы жылды кітапхананың құрылған  уақыты деп санауға негіздеме  болды.

Уездік кітапхана қоры 5475 дана кітап пен журналдардан тұрды. Қалалық бюджет тапшылығынан кітапхананың жаңа кітаптарға деген сұранысын қамтамасыз ете алмады.

Бірақ «оқу-тәрбие жұмысы» бойынша  мақала шығындарына, жыл сайын мерзімді басылымдарға 100 сом бөлінді.

Павлодар уездік кітапханасының жаңа кезеңі 1920 жылы «РСФСР-де кітапхана ісін орталықтандыру туралы» декрет қабылданғаннан кейін  басталды. Кітапхана бюджеттік қаржыландыруға ауыстырылды, осы жағдай кітапханаға өз қорын толықтыруға және  3500 дана қормен 10 жылжымалы кітапхананы жинақтауға мүмкіндік берді. Уездік кітапханадағы жылжымалы кітапханалар тұрғындардың сауатсыздығын жою мақсатында, білімді тарату үшін және «қызыл киіз үйге» оқырмандарды тарту үшін  алыстағы ауылдарда пайдаланылды.

30-шы жылдары қала халқы санының өсуіне байланысты стационарлы түрде қызмет көрсету, көрнекі түрдегі үгіттеу – плакаттар, көрмелер, фотомонтаждар белсенді дамыды, дауыстап оқу, әңгімелесу ұйымдастырылды, өздігінен білім беру үйірмелері қызмет көрсетті.

Ұлы Отан соғысы кезінде облыстық кітапхана бірнеше рет көшіп, қысқы уақытта отынсыз қалуға тура келді. Қажырлы еңбек арқасында небары төрт адамнан тұратын облыстық кітапхана ұжымы өз қорын толықтырды және сақтап қалды, оқырмандарға үйде қызмет көрсетуді жақсартты. Кітапханашылардың госпитальге алып барған кітаптары жаралыларға тез сауығуға әсер етті.

Жұмыс мазмұнының түпкілікті өзгеруі соғыстан кейінгі кезде 1947 жылы Дмитрий Иосифович Буриловты тағайындаған соң басталды. Оның басшылық еткен кезеңінде кітапханада алғашқы мамандандырылған арнайы буындар пайда болды. 1946 жылдан бастап «Мәдени-ағарту жұмысы бойынша аға әдіскер» лауазымы болды. "Бұйрықтар кітабындағы" жазулар бойынша: «кітап қоймасына бөгде адамдарға кіруге қатаң тиім салынған», кітап қоймасы оқу залынан 1947 жылы жекеленді.

Кейін дербес бөлім құруға қажеттілік туындады, ол бөлім кітап өңдеуге жауапты болды, 1951 жылы 31 тамыздағы бұйрығымен расталды. Облыстық кітапхана штаттында автомобиль – кітапхананың меңгерушісі лауазымы болды. Ол жүргізушімен бірге кітапхана болмаған жерге жолға шықты. 1951 жылы кітапханаға алғашқы жоғары білімді мамандарды М.Н.Голубинская және М.И.Бубенцова алынды.

Кәсіпқой-кітапханашылар басшылығымен жеті адамнан тұратын топ, арнайы білімді талап ететін мәселелер шешуге кірісті, олар: жүйелік және алфавиттік каталогтарды құру, ондық кітапханалық классификация бойынша қорды орналастыру, есеп құжаттарын енгізу және т.б. Мәскеуден 1946 жылы алынған ұйымдастыру нұсқаулығы бойынша КАА-ға қолданылды шегерілмейтін іс-шаралар тізбегі қабылданды.

1955 жылы әдістемелік жұмыс бөлімі бөлінді. Халыққа кітап беріп жедел қызмет көрсету, кітапхана мамандарының уақытылы ақпаратты игеруі, ақпаратпен қамтамасыз ету үшін, 1957 жылы кітапханада ақпараттық қызмет тобы бөлініп, анықтамалық- ақпараттық бөлім болып өзгертілді.

1955 жылы аймақ әдебиетшілері С.Музалевский, О.Кудышев, Н.Панов, В.Молотов, Г.Кочетков, Ә.Нұршайықов, В.Смирнов және т.б. өздерінің Павел Васильев атындағы әдеби бірлестігі одағын құрды. Әдеби бірлестіктің алғашқы отырысы облыстық кітапханада өтті. Оған ресейлік белгілі ақын Евгений Долматовский құрметті қонақ ретінде қатысты.

Кітапхана дамуының бір сатысы орталықтандырумен байланысты болды. Осы мақсатты орындау үшін 1975 жылы 24 маусымнан халық депутаттарының Павлодарлық облыстық кеңесінің сессиясында мемлекеттік көпшілік кітапханаларын орталықтандыру жоспары бекітілді. 1980 жылы 14 ОКЖ болып, құрамына 514 кітапхана біріктірілді.

1988 жылы облыс өмірінде үлкен қоғамдық оқиға болған ғылыми-практикалық конференция өтті. Тақырыбы: «Облыстағы қайта құру жағдайындағы кітапхана ісі дамуының өзекті мәселелері». Баяндама жасағандар: Облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары В.А.Шершнева., Қаз ССР Мәдениет министрлігінің кітапхана ісі бойынша бастығы И.Д.Мукосеева, «Библиотекарь» журналының тілшісі Л.Х.Ертуғанова, Облыстық кітапхана директоры М.А.Жиенбаева және т.б.

1988 жылы Қазақ ССР мәдениет Министрлігінің біріктіру бойынша бұйрығымен республикада бірінші болып Павлодар облыстық әмбебап, жасөспірімдер және балалар кітапханасы бірігіп, өңірдің ең үлкен - облыстық біріккен әмбебап ғылыми кітапханасына айналды.

Кітапхана мамандары кітапхананың бұрынғы директорлары: Т.Байдильдин, И.Д. Бурилов, С.Ф. Кирисова, Л.З. Шаманина, Л.С. Лямзина, Л.М. Грезина қалаған кітапхананың үздік дәстүрлерін сақтап келеді.

Кітапхана 1996 жылы 100 жылдық мерейтойын атап өтті. Павлодар облысының әкімі Д.Ахметовтың жеке бұйрығы бойынша кітапханаға саяси - ағарту үйінің ғимараты берілді. Сол жылы облыстық кітапханаға қазақтың танымал ақыны - Сұлтанмахмұт Торайғыровтың есімі берілді.

2003 жылы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің шешімімен Павлодар қаласы инновациялық бағдарламаларды және жобаларды іске асырғаны үшін – «2003 жылы - Қазақстанның кітапханалық астанасы» болып танылды. «Жаңа кітапхана – жаңа ақпараттық қауымдастық үшін. Модельдік ауыл кітапханасы» атты республикалық конференция облыстық кітапхана шеңберінде өтті. Бұл конференцияда республикадағы бірінші Орловка модельдік ауылдық кітапханасының тұсау кесері болды.

Қазіргі кезде С.Торайғыров атындағы Павлодар облыстық кітапхана – Қазақстандағы ең үздік кітапханалардың бірі. Кітап қоры облыстағы ең ірі, кітапхана ғылыми, оқулық, өлкетану, көркем әдебиет үлгілерін ұсынады. Жыл бойы кітапханаға 32 мың оқырман келеді және 900 мыңға жуық кітап пен журнал беріледі. Бүгінде кітапхана құрамында, әртүрлі кітапханалық бағытта жұмыс істейтін, ақпараттық-библиографиялық, мәдени-ағартушылық қызмет көрсететін 14 бөлім бар.

1985 жылдан бастап кітапхананы М.А.Жиенбаева басқарып келеді. «Көшбасшы кітапхананың» имиджін қалыптастыруда шешуші роль кітапхана директорына тиесілі. Оның шығармашылық бастамасымен, жаңалықты енгізуімен, күрделі шешімдерді қабылдау қабілетінің арқасында кітапхананың еңбегі зор болып келеді. Осы еңбегінің арқасында «Қазақстанның еңбек сiңiрген қызметкерi» атағына ие болды.

Кітапхананың ары қарай дамуына халықаралық қорлар мен ұйымдардың байқауларындағы мағыналы жеңістерін айта аламыз, оларға «Аймақтың модельді кітапханасы», « Интернет. Электронды пошта», «Жанашыр» жобасы жатады. Осының барлығы ОБӘҒК-да компьютерлік паркін кеңейтуге, қызметкерлер және оқырмандарға автоматтандырылған жұмыс орындарын құруға, әлемдік ақпараттық кеңістікке еркін түрде қол жеткізуге, Интернеттегі кітапхананың өзіндік ақпараттық бейнесі - Web-сайт құруға; меншікті электронды ресурстарын қалыптастыруға: электронды каталогты, әртүрлі тақырыптағы мәліметтер базасын құруға; Павлодар облысы кітапханаларының қызметкерлеріне арналған тренинг-орталығын ұйымдастыруға мүмкіндік берді.

Қазіргі заманғы С. Торайғыров атындағы ОБӘҒК – аймақтың бас кітапханасы, бай кітап қоймасы, өлкетану құжаттарының депозитариі болып табылады. ОБӘҒК барлық ведомстволық кітапханалар қызметін үйлестіріп, облыстың тұрғындарын әдістемелік және ақпараттық-библиографиялық ақпаратпен қамтамасыз етеді.

Сайт – www.pavlodarlibrary.kz

Сайт бойынша іздеу

Яндекс.Метрика

Рейтинг@Mail.ru