Павлодарда 1992 жылы алғашқы рет Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туғанына 100- жыл толына арналған республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Павлодар педагогикалық институтының филология факультетінің ғимаратында ұлы жерлестерінің талантын құрметтейтін көптеген адамдар жиналды. Облыстық кітапхана қонақтар үшін ақырғы екі онжылдақта басылған С. Торайғыров туралы кітаптар, монографиялар, газет және журналдар мақалаларын қойды.
Пленарлық отырысты облыс әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары О. Қожанов ашты, кейін ҚазМУ-нің қазақ әдебиеті тарихының кафедра меңгерушісі профессор Т. Кәкішевке берілді. Павлодар пединститутының қазақ тілі және әдебиеті кафедра меңгерушісі Е. Өтебаевтың баяндамасы өте қызықты және мағнасы бойынша терең болды.
Ол ақын шығармашылығына 49 жыл бұрын қызығушылық білдірген. Оның туыстарымен кездесті. Бірақ, ол кезде тәжірибесі болмағандықтан көп нәрсені жазып алмағанын, сақтап қалмағанын профессор өкінішпен айтты. Соған қарамастан, ол он шақты мақалалар басып шығарды.
Республикалық Әуезов атындағы өнер және әдебиет институтының аға ғылыми қызметкері Н. Сағындықова ақынның шығармаларын орыс тіліне аударудың күрделігі туралы айтты.
Сұлтанмахмұттың журналистикалық қызметіне ҚазМУ-нің доценті Д. Ысқақов тоқтап өтті. Жас Торайғыровтың «Айқап» және «Абай» журналдарында, «Қазақ», «Сарыарқа» газеттерінде көтерілген проблемалық мақалалары бүгінгі таңда өзінің батырлығы және өткірлігімен таңдандырады.
Екінші жартысында секциялық дәрістер өтті, онда Қазақстанның әр аймағының әдебиетшілері және оқытушылары Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармашылығының әр қырын талқылады.
Келесі күні қонақтар Баянауылға - Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туған жеріне барды.
Олар алдымен академик Қ. Сәтбаевтің мемориалды мұражайына, кейін С. Торайғыровтың зиратына барды.
Конференция өз жұмысын ақынның туған жері Торайғыров атындағы совхозда (қазіргі Торайғыров ауылы) жалғастырды. Бұнда жиналыс өтті, ол республикалық ғылыми-практикалық конференцияның аяқталу бөлімі болды. Онда Баянауыл ауданы әкімшілігінің басшысы К. Шәкіров, профессорлар Т. Кәкішев және Е. Өтебаев, облыс әкімшілігінің аппарат басшысы М. Серғазин, ақынның туыстары және жерлестері сөйледі.
Бұл қазақ халқының данышпан ұлына арналған ризашылық сөздер болды. 1993 жылы Баянауыл жерінде ақынның мерейтойын атап өту туралы айтылды.
«Торайғыров оқуларын» дәстүрлі өткізу бастамасы С. Торайғыров атындағы ПМУ-не және жеке Ерлан Мұхтарұлы Арынға жатады. Алғашқы «Торайғыров оқулары» қазақтың данышпан ақынының 110-жылдық мерейтойы жылы - 2013 жылы өтті.