Войти Закрыть
---

Виртуальная энциклопедия Султанмахмут Торайгыров

---
Негізгі / Қоғамдық қызметі
A+ R A-

Қоғамдық қызметі

Печать PDF

«Ең бастысы адам болу, адамдарға қиянат жасамау»- дейді ақын, оның өмірінің басты мақсаты халыққа қызмет көрсету, өнерді зерттеу және бұл құндылықты жылжыту. Өмірінің қиындығына, кедейлігіне және ауруына қарамастан, ақын өмірінің басты мақсатына жетуге бар күшін салды. 1914 жылы Баянауылда «Шоң» серіктестігін қалады, Сұлтанмахмұт Торайғыров ғылыммен әуестенетін жастарды оқытуға ақша жинайды, сонымен олардың таланттарын дамытады.       

1917 жылғы қазан революциясынан кейін, ол қалың халыққа жақын болу үшін Семейге барады.  Сол кезде қазақ қоғамының барлық зиялылары сияқты бойын қуаныш  сезім билейді. Сұлтанмахмұт бостандық күні туды және әр халық өзінше еркін өмір сүреді және өз мемлекетін құра алады деп сенеді.

Торайғыров алғашқылардың бірі болып «Алаш» қозғалысының жағына шығады, алашордалықтамен белсенді араласты, "Сары-Арқа" газетінде мақалалары басылады. Ол «Алаш» көсемдерінің идеяларын қатты қолдайды, оларға арнап өлең жазады. «Алаш» партиясы туының астында, біздің идея нұры ғасырлар бойы жоғалмайды және оны ешкім жоя алмайды» - дейді ақын. Алаш көсемдері ақын туындылары арқылы өз идеяларын насихаттайды.

1917 жылы «Сарыарқа» (№ 251) газетінде  С. Торайғыровтың  Бөкейхан  және Томск қаласында өткен сібір автономистері съезінің есебі бойынша мақаласы басылды.  Бұнда қазақ автономиясының  көптеген идеяларын мазмұндайды. С. Торайғыров алдыңғы қатардағы : «Қазақ», «Абай», «Сарыарқа»  баспа органдарында басылды.   Ол қазақ даласындағы білім , әлеуметтік мәселелерін көтерді.

С. Торайғыров уездік және болыстық «Алаш» партиясының жұмысына қатысты. Алаш - Орда үкіметінің алғашқы басшылары А.Бөкейхановпен, М.Дулатовпен, А.Байтұрсыновпен тығыз қатынаста болды. С. Торайғыров ұлттық тәуелсіздігі туралы озық идеяларларды қолдады.

1914 жылы Торайғыровтың «Танысу» поэмасын жазғаны кездейсоқ емес. Автор бұл поэмада өз халқын белгілі тұлғалармен, Алаш қозғалысының өкілдері - М. Боштаевпен, А. Бөкейхановпен, Ш. Кұдайбердиевпен таныстырады, өзінің құрметін білдіріп және қолдау көрсетті.

Сол уақыттағы уақиғалар ақынды жігерлендірді, ол партия ұранын жазды, ақын ұранның мазмұнында қазақ халқының  жарқын болашаққа деген үлкен үмітін бейнеледі.

Сайт бойынша іздеу

Яндекс.Метрика

Рейтинг@Mail.ru